МАДИҒАЛИ ҚАРСЫБЕКОВ: ОЛИМПИАДАҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛДЫҚ

МАДИҒАЛИ ҚАРСЫБЕКОВ: ОЛИМПИАДАҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛДЫҚ

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадиғали Қарсыбеков Олимпиада ойындарына соңғы дайындығы туралы айтып берді, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

— Соңғы оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?

— Жапонияда тоғыз күнге жалғасқан оқу-жаттығу жиынын аяқтадық. Ондағы мақсат жергілікті уақыт белдеуіне бейімделу болды. Тыңғылықты дайындалдық. Сонда жүргенімізде эстафета сайысына лицензия алғанымызды білдік. Алғашқы сайыс ақпанның 10-на жоспарланған. Команда өзін жақсы сезінеді.

— Эстафеталық сайысқа қатысатын қосымша екі спортшымыз қалай дайындалды?

— Ерлер толық құрамда Голландияда дайындалды. Лицензиясы болғандар Жапонияда олимпиадалық базада жаттықты. Сосын Қазақстан ҰОК-тан эстафетаға қатысатынымызды білдік. Бірден екі спортшымызды Жапонияға шақырдық. Оларда дайындықтарын пысықтады.

— Олимпиада қалашығы қалай екен?

— Келе салып аккредитация алдық. Олимпиада қалашығында орналастық. Бәрі жоғары деңгейде.

— Олимпиадалық форма туралы не айта аласыз?

— Форма өте әдемі, киім жасаған компанияда әлемге әйгілі бренд. Бізге ұнады.

Естеріңізге сала кетсек, қысқы Олимпиада ойындарында мына шорт-трекшілер ел намысын қорғайды: Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова және Ионг А Ким.

Талғар-ақпарат