Туберкулез — науқастан сау адамға берілетін жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары. Жұқпаның негізгі көзі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас болып табылады, ол сыртқы ортаға қақырық түсіреді және жөтелгенде, түшкіргенде қақырық арқылы туберкулез таяқшаларын шығарады. Жұқпа әр түрлі жолдармен берілуі мүмкін. Туберкулез жұқпасының берілуінің негізгі жолы – ауа-тамшылары арқылы. Туберкулезбен ауыратын науқас жеке бас гигиенасын сақтамай, кейде қақырықты тікелей еденге және жерге түкіреді. Қақырық кебеді, ұсақталады және шаңмен араласады. Туберкулез микобактерияларымен ластанған, бөлмелерді тазалау кезінде шаң, құрғақ сыпыру арқылы ауамен араласып, тікелей тыныс алу жолдары(мұрын, көмей, трахея, бронх) арқылы адамның өкпесіне түседі.
Туберкулезді кез-келген адам кез-келген жерде жұқтыруы мүмкін. Туберкулез жұқпасын науқас адаммен тығыз және ұзақ байланыста болғанда жұқтырады. Жануарлар да туберкулезбен ауырады, көбінесе – ірі қара мал. Адам ауру жануардан шикі сүт арқылы, яғни тағам арқылы жұқтырады. Сондықтан пастерленген немесе қайнатылған сүтті тұтыну керек.
Ең қиыны – әлі жетілмеген бала ағзасы үшін туберкулездің зиянды таяқшасымен күресу бала ағзасына ауырлық туғызады. Вакцинация бала ағзасының туберкулезге қарсы инфекцияға төзімділігін арттыруға бағытталған аурумен бұл сөзсіз кездесуге салыстырмалы түрде оңай төтеп беруге көмектесу үшін жасалған. Қазіргі уақытта туберкулезге қарсы вакцинация міндетті егу бағдарламасына енгізілген және БЦЖ вакцинасымен жүргізіледі. Вакцинация арқылы бүкіл әлемде миллиондаған балалардың өмірі сақталды.
БЦЖ вакцинациясы жаңа туған нәрестеге перзентханада өмірінің 3-4 күнінде жүргізіледі. Вакцинация арқылы алынған туберкулезге қарсы иммунитет уақытша екенін білу керек, ол туберкулезбен ауырып қалу мүмкіндігін жоққа шығармайды, бірақ аурудың ауыр түрлерінің дамуынан қорғайды. Басқалардан бұрын туберкулез диагностикасымен балалар кездеседі. Манту сынамасы бәріне белгілі – бұл бала ағзасының енгізілген микобактерия субстратына реакциясын анықтайтын туберкулин сынағынан басқа ештеңе емес. Баланың ағзасында туберкулез инфекциясының болуы Манту сынамасы арқылы анықталады. Аурудың бастапқы кезеңі симптомсыз болғандықтан, Манту оң нәтиже көрсеткен балалар рентгенологиялық түрде тексеріледі.
Манту сынамасы келесі мақсатта жүргізіледі:
Сонымен қатар, балалардың індет жұқтыру сипатын анықтау үшін фтизиопедиатрлар туберкулезді басқа аурулармен, вакцинадан кейінгі және инфекциялық аллергиялармен дифференциалды диагностикалау үшін, туберкулез процесінің белсенділігін анықтау үшін рекомбинантты туберкулез аллергені(АТР) тағайындайды.
Туберкулезді сәтті емдеудің бір шарты – ауруды ерте анықтау болып табылады.Ал ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге қарсы сақ болу керек, аурудың белгілерін білу және дер кезінде дәрігерге қаралу қажет.
Өзіңізге және балаларыңызға қамқорлық жасаңыз және сақ болыңыз!
Б. Успанов,
Талғар аудандық
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы