Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектіккешалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамырыауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Бастысебеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлімтым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардыңдәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр. Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек— қан тамырыауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруінетікелей байланысты деп отыр.
Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсызфакторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек— қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтанумәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларынқоздыратын тағы бір себеп — стресс, торығу, ол адамдардыжасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл-күйінің денсаулыққа әсері мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады, оданбарып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндікбездердің қызметіне әсер етеді.
Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әсері жүрек соғысының, ырғағыныңбұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қантамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымынашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайдаболады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуыинфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазанжарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады Жүрек-қантамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады.
Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердіңжыныстық гармондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейінсақталады. Алдын – алуға, немесе жеңуге болатын қауіптіфакторлар— холестериннің жоғары деңгейі, артериалдыгипертония, темеку шегу, қант диабеті, семіздік, түрлі күйзелістер болып саналады.
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліпсоқтыратын тағы бір фактор ол — темекі шегу. Орта есеппеналғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы ауруданқайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасындашекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық.
Бүгінгі таңда жүрек— қан тамыры ауруларының алдын— алуүшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек: