Тәлімгерлер кеңесі – құндылықтарды дәріптеу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік қызметті жаңғыртудың басым бағыттарының бірі ретінде міндетін қойды. Осы негізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық аймақтарында Департаменттердің жанынан «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары құрылды.
Тәлімгерлер кеңесінің міндеттері – мемлекеттік басқарудың сабақтастығы және институционалдық жадты көшіру, лауазымға тағайындалған басшылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және бейімдеуге жәрдемдесу, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерге рухани-адамгершілік бағдарларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыру. Қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің үйлесімді жұмысы сабақтастықты дамытуға және жұмыстың тиімді әдістерін сақтауға септігін тигізеді деп күтілуде.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің жанынан 2023 жылдың 17 мамырында «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылған. Кеңес төрағасымен қоса 8 мүшеден тұрады. Кеңес мүшелері мен төрағасы – азаматтық ұстанымын берік ұстанған, үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, адамгершілік-патриоттық тәрбие беру саласында бірегей ресурсы бар мемлекеттік қызмет ардагерлері мен құрметті азаматтар.
Тәлімгерлер кеңесі құрылғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 6 отырысы өтті.
Алматы облысы бойынша 2023 жылы Тәлімгерлер кеңесінің 3 отырысы өткізілді. Мемлекеттік басқарудың сабақтастығын, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсету мақсатында «Стратегиялық-инновациялық мемлекеттік қызметті қалыптастыру», «Өңірлік кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ету», «Елге қызмет – ерен еңбек» тақырыптарында отырыстары өтті. Отырыстарға 7 басқарма басшысы қатысты.
Ағымдағы жылы жаңадан тағайындалған 6 басқарма басшының қатысуымен 3 отырыс өткізілді. Жиын төңірегінде бірқатар өзекті мәселер мен тақырыптар жөнінде сөз қозғалып, оларды шешу жолдары мен нақты іс-қадамдары ұсынылды. Атап айтқанда, дін істері басқармасының басшысы дін саласындағы жат ағымдармен күрес және олардың шешу жолдары жөнінде баяндап, өз ұсыныстарын енгізді. Жастар саясаты басқармасының басшысы Алматы облысы бойынша NEET санатындағы «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен жұмыс жасау мен оларды қолдау мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатқанын баяндап, ағымдағы жылдың екінші жартысында жастарға арналған пайыздық мөлшерлемесі аз «Алатау Жастары» атты Отбасы банк ипотека бағдарламасының басталатынын хабарлады. Ал, ауыл шарушылығы, туризм, құрылыс, цифрлық технологиялар басқарма басшылары елдің әлеуетін көтеру, экономикасын және туризмін, құрылыс саласын дамыту мақсатында елеулі жұмыстар жасалып, көптеген жобалар бойынша жұмыс жүргізіліп, инвестициялар тартылып жатқандығы жөнінде хабарлады.
Бұл ретте, кеңес мүшелері басшылық лауазымға тағайындалған жас мемлекеттік қызметшілерге өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік бағдарлар мен құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Елге қызмет — абыройлы міндет», «Елге қызмет ету – білімнен емес, мінезден», «Мемлекеттік қызмет: жауапкершілігі мол міндет» тақырыптарында отырыстар өтті.
Сонымен қатар, тұрақты түрде Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты іске асыру бойынша тиісті жұмыстар орындалуда.
Бүгінгі таңда қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және нығайту мақсатында Кеңес төрағасының бастамасымен қала мен аудандар деңгейінде Тәлімгерлер кеңестерін құру туралы ұсынысы әзірленуде.
Қорытындылай келе, «Тәлімгерлер кеңесі» мемлекеттік қызметшілерге рухани-адамгершілік бағдарлары мен құндылықтарын дәріптеп, жаңадан басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің арасында үйлесімді жұмыс сабақтастығын дамыту және тиімді әдістерін жақсарту бойынша жұмыстары жасалып келеді.

Қожахмет ЖАМБЫЛҰЛЫ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Алматы облысы бойынша
департаменті мемлекеттік қызмет
басқармасының бас маманы