ТӘРБИЕ БАСЫ – ТІЛ

ТӘРБИЕ БАСЫ – ТІЛ

Тіл айлығына орай Талғар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі 24 ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Аталған шараға аудандық, ауылдық мәдениет үйлері, арнайы орта білім беру мекемелері, ауылдық округ әкімдіктері, халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтары, құқық қорғау органдары, балабақшалар, «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығы атсалысты.

Талғар қаласындағы Алдатаева Жазира Халенқызы басшылық ететін №3 балабақ шаның педагогтары жас бүлдіршінді ұлттық салт-дәстүрмен сусындатып, өз елін, өз тілін сүйіп өсуге және оны мақтан тұтуға тәрби елеуге барлық күш жігерін салуда. 50 жыл дық тарихы бар бұл балабақша көпшіліктің көңілінен шығуда. 1970 жылы екі тілді бала бақша болып ашылып, 1991 жылы еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанда, қазақ балабақша сы болып қайта құрылды. Балабақша ұжымы 5 қыркүйек Қазақстан халқы ның тілдері күніне және А.Байтұрсынұлының туған күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты іс-шара өткізді. Шараның мақсаты ертеңгі болашағы мыздың иесі – қазіргі тәрбиелеп отырған балапандар дың тілінің дұрыс қалыптасуы, сөйлеу мәдениетін, ұлт тәрбиесін баланың бойына сіңіру, мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік білу, құрметтеу керек екендігін ұғындыру болды. Айтулы шараға мекеменің мекте палды «Жасқанат», «Балдәурен» және ересек «Айгөлек», «Жалын» топтары қатысты. Балалар апайларының көме гімен Э.Қожахметова, Қ.Турғынбаева (Жалын), А.Шакерхан, А.Нургалиева (Айгөлек), К.Баймуханова (Жасқанат), Ж.Жақыпбай, М.Нурбекова (Балдәу рен) әр ақын-жазушының тілге қаты сты шығарған тақпақтарын айтып, билерін билеп сонымен қатар, музыка пәнінің жетекшісі Г.Копесбаева апай ымен бірге әндерін шырқап, шарамыз ды көңілді етті.

 

Осындай іс-шара «Премиум Тал гар» ЖШС балабақшасының даярлық тобында да өтті. Балабақша меңгерушісі Жазира Бейсен мерекелік тілегін жолдады. Бүлдіршіндер маңызды өлең шумақтары арқылы тіл құдіретін, мәртебесін сезіне түсті.

Ұ. АҚЖІГІТОВА,

«№ 3 балабақшасы» МКҚК-ның әдіскері