ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН!

ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН!

«Аманат» партиясы Талғар аудандық филиалы «Бақытты отбасы»  жобасы аясында «Балаларды мектепке даярлайық» жалпыреспубликалық қайырымдылық науқанын өткізуде. Игі шара  12-28 тамыз аралығында жалғасады. Көмекке мұқтаж отбасылар «Аманат» партиясының Талғар ауданындағы филиалына барып, өтініш білдіруіне болады.  

      Аталған шара 20-тамыз күні «Аманат» партиясы Талғар аудандық филиалында жалғасын тапты. Бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтаған Алматы облысы КММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» Талғар ауданындағы бөлімнің басшысы Жұмағыз Бутабаева: «Балалар, сендер біздің ертеңімізсіздер. Сендердің тәуелсіз Отандарың бар. Жақсы оқуларың үшін барлық жағдай жасалуда.  Сендердің міндеттерің – тек қана жақсы оқып, болашақта еліне жарамды азамат болу. Ұқыпты, тәртіпті, саналы азамат болыңдар деп сенеміз. Жаңа оқу жылын жаңа серпін, жақсы көңіл-күй мен бастаңдар. Жолдарың ашық болашақтарың нұрды болсын!» – деді.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау көрсету, оқушының әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету.

Талғар Бастауыш партия ұйымының төрайымы Гаухар Болатханқызы:  «Көмекке жүгінушілер қатарында түрлі үлт өкілдері, шет елден көшіп келген қандастарымыз да бар. Балалық шақ қам-қайғысыз шақ қой. Балапандарымыз еш алаңсыз сабаққа барса екен дейміз. Дайындаған сөмкенің ішінде сабаққа қажеттінің бәрі бар. Алматы облысы мәслихатының депутаты, Талғар ауданның азаматы Билалдин Талғатұлы облыс бойынша 250 баланы сабаққа дайындады. Аудандық, облыстық мәслихаттың басқа да депутаттары қол ұшын созуда. Ауданымызда жалпы 400 балаға сөмке берілсе, бір неше балаға мектеп форма мен спорттық киімдер де табысталды. Науқан жалғасады. Жәрдем алғандар қатары әлі де артады», – деді. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын, «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген аталы сөздің мағанасы түсіндіріліп, барлық баланы білімді азамат болуға шаққырды.

Қолдауға ие болған ата-аналар жақыннан жәрдемші болған демеушілерге, «Аманат» париясына көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді.

 

                                                                                                           Зорагүл Әбдіқадір