Түркістан төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың екінші басқосуында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында:
«Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады», – деп өз көзқарасын білдірген еді.
Әсіресе бұл ұғым өскелең ұрпақ үшін өзекті болуға тиіс екені айтпаса да түсінікті. Осы түйінді түсіне білетін аудандық Жастар ресурстық орталығы «Жасыл ел» еңбек жасақшыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Ісшараға орталық басшысы Мөлдір Абатайқызы, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Талғат Серікұлы, «Аналар кеңесінің» төрайымы Азат Жұмақанқызы қатысып, азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты жолындағы адал азаматтың рөліне тоқталып өтті.
– Жас ұрпақ еліміздің ұлы тарихын жарқын болашақпен бір арнаға тоғыстыра білуі керек. Адал мен әділ сөзі түбірлес болғандықтан, бұл қасиетті жастар бала кезден бойына сіңіруі керек. Ондай тәрбиелі, парасатты азаматтар қа
зақ елінің іргетасы бола алады, – дейді «Аналар кеңесінің» төрайымы Азат Айтуғанова.
М.Бөлек