Жаннұр Еңсебек еліміздің тарихында ҰБТ-да ең жоғарғы балл (140 балл) жинаған оқушылардың қатарын толтырды, оған қоса Талғар қаласы №7 мектеп-лицейі түлегі Жанұзақ Саясат Асқарбекұлы, Алтын белгі иегері ҰБТ-дан 138 балл алды. Осыған орай Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков аудан мақтаныштарын арнайы қабылдап, жеке қабылдады. Кездесу барысында Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков түлектерге сәттілік тіледі. Ауданымыздағы осындай талантты жастарға мүмкіндігінше қолдау білдіретінін айтты.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №22 мектептің түлегі Жаннұр Еңсебек облыс тарихында ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған төртінші түлек болып тіркелді.
Жанұзақ Саясат 138 баллмен Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Робототехника және мехатроника» мамандығы бойынша оқуға түсейін деп жатқанын, медициналық роботтар жасау арқылы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуды, жүйелерді автоматтандырып, еліміздің дамуына септігін тигізетінің атап өтті.
Өз тілшіміз