2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып келеді. Биыл 7-шілдеге түскен атаулы күнде ұлттық аспап ұлықталып қана қоймайды, сонымен қатар елдің мәдени, рухани мұрасы насихатталады. Ұлттық болмысты айшықтайтын қара домбыра – ежелден келе жатқан құндылықтың бірі ретінде қазақтың киіз үйімен және айтыс өнерімен қатар ЮНЕСКО тізіміне енген мұра.