ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

«Спорт – денсаулық кепілі, жан рахаты» — демекші, дене жаттығуларын жас кезінен қолға алып, өзін ұдайы шынықтырып отырған адам ой еңбегі мен дене еңбегін жақсы меңгерген рухы мықты жан болып қалыптасатыны белгілі. Өйткені қозғалыс – барлық жақсылықтардың бастауы. Дені сау, салауатты өмір салтын ұстанған адам қоғамға да көбірек пайда келтіретіні көпке аян.

Өткен аптада №32 орта мектептің əсем де еңселі, жылы да жарық спорт залында 2018 жылғы аудан жеңімпаздарын анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында стол тенисінен аудан біріншілігінің жалауы көтерілді. Стол теннисі – əрбір спортшыдан жылдамдық пен шеберлікті қажет ететін спорттың ерекше түрі. Стол үстінде зыр-зыр қаққан ақ шарикті асқан жылдамдықпен ұрып тастау, көз іліспес шапшаңдықпен ауада қалықтаған ақ допты қарсыласыңның алаңына асқан шеберлікпен қайтара ұратын нағыз шеберлер ғана жеңіске жетті осы жарыста. Командалық есепте аса шебер ойынын көрсеткен №24 орта мектептің спортшылары «аудан чемпионы» деген атақты жеңіп алды. Екінші орынды №3 орта мектептің жас шеберлері иемденсе, үшінші орын №32 орта мектептің теннисшілеріне бұйырды. Жарыстың əділ өтуіне дене тəрбиесі саласының білгір мамандары, №31 орта мектептің Зордун Харамов пен №32 орта мектептің мұғалімі Пархат Имаматдиновтің сіңірген еңбегі зор болды. Екі ұстаз да қатарқатар қойылған 4 столде өткен əрбір жекпе-жекті жіті қадағалап отырды. Жарыс соңынан шеберлік көрсеткен əрбір спортшыға Кубок пен Мадақтама қағаздары табыс етілді.

Амантай Сапуанов

№32 орта мектептің мұғалімі