Сіздерді жыл басы көктеммен бірге келген айшықты мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әдеміліктің символы болған әйел – әлемнің тірегі. Мейірімділік шуағы Анадан тарайды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы Сіздерден бастау алып, отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиешісі болып отырсыздар.
Ананың жүрегінен тараған мейірім мен шапағат, ақыл мен даналық бізге үлкен сенім мен жігер сыйлайды.
Ақ жаулықты анасын құрметтеп, ару қызын төрінен көретін халқымыздың әйел жаратылысына деген құрметі қашан да асқақ. Бүгінгі күні әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі. Сіздер мемлекеттiк қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткiзiп жүрсіздер. Біз әрқашанда қоғамның дамуын, өмірде – нәзік, ал істе – мығым әйелдер қауымымен тығыз байланыстырамыз. Еліміздің барлық саласында белсенділік танытып, отбасы берекесімен бірге Тәуелсіздікті нығайту ісіне де зор үлес қосып келесіздер.
Перзенттерін дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие берген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанып Батыр Ана болып отырған ардақтыларымыз да Сіздерсіздер!
«Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейрімінен нәр алады», — демекші Сіздерге айтылатын алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта таусылмасын. Сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын! Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін! Әрқашан шаңырақтарыңыздан береке, бірлік кетпесін.
Құрметті асыл жандар!
Осы тамаша мереке күні Сіздерге дүниенің бар жақсылығын, деннің саулығы мен көңілдің шуағын тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мереке құтты болсын!
Талғар ауданының әкімі
Таңат Айдарбеков