Алматы облысында алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

Алматы облысында алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

Форумға 55 мыңға жуық партия мүшесін біріктіріпотырған 155 бастауыш партия ұйымыныңтөрағалары қатысты, деп хабарлайды облыстықAMANAT партиясының баспасөз қызметі.

Қонаевта өткен жиында бастауыш ұйым төрағаларытұрғындардың мәселесін шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымның жұмысын жандыру жолдарын талқылады.«Бастауыш ұйымдарпартиямыздың негізгіқозғаушы күші. Саяси өзгерістердің бел ортасындабастауыш партия ұйымдарының қолдауларыңерекше сезіндік. Бүгінде Алматы облысында«АМАNАТ»-тың 54 989 мыңға жуық мүшесі 155 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Дәл солортада азаматтар партия қатарына қабылданадыжәне қоғамда партияның құндылықтарынілгерілетуге қабілетті жаңа көшбасшыларқалыптасады», – дейді партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы бірқатар әлеуметтік жобалардың бастамашысы. Бастауыш ұйымдар «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және басқа да жобаларды іс жүзіне асыру барысында ерекше белсенділік танытып жатыр. Мәселен, екі айда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 600-ге жуық өңір тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттырды. Ал өткен жылдан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 4,6 млрд теңгеден аса сомада 622 шағын несие берілді.«Жер аманаты» жобасы аясында жекеге заңсыз өткен 236 мыңнан аса гектар жер мемлекетке қайтарылды.

«Бұл нәтижеге, көрсеткішке оңай қол жеткен жоқпыз. Шынын айту керек, мұндай нәтиженіңартында барлық бастауыш партия ұйымыныңеңбегі, әрбір партияластың төккен тері тұр. Бізоны қашанда жоғары бағалаймыз», деді Қуат Байғоджаев.

Ал бастауыш партия ұйымының партиялық жобаларды іске асыру аясындағы қызметі туралы Іле аудандық филиалының «Байсерке» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сұлтан Жарқынбеков тәжірибесімен бөлісті.

«Қазіргі таңда барша қазақстандықтар өздерініңкемел келешектерін партиямен байланыстырады. Ал оның айқын көрінісін Іле аудандық «Байсерке» бастауыш партия ұйымының жұмысынан көругеболады. Бастауыш партия ұйымының мүшелері жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып халықтан түскен өтініштер бойынша Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Байсерке ауылдарында 42 көшенің жолын жасауға атсалысты. «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған 55 отбасының 210 баласына киім-кешекпен оқу құралдары алынып берілді. Мақтанышпен айтар ізгі іс көп. Мәселелер сөз күйінде қалып жатқан жоқ, шешімін табуда. Билік пен халық арасын байланыстырып отырмыз», – деді Сұлтан Жарқынбеков.

Сондайақ, форумда партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Оларға партия билеті табысталды. Жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған 16 партия ұйымының төрағалары алғыс хат және арнайы статуэткалармен марапатталды.