Біліктілікті арттыру курстары
«Talap» КеАҚ ұйымдастылыған біліктілікті арттыру курстарында «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша 25 қыркүйекпен 6 қазан аралығында екі апталық курсына қатыстық. Нағыз маман иелерін білім нәрімен сусындару үшін,педагогтар өзінің білім қорын үнемі тереңдетіп,заманға сай жетілдіріп отыру керек. Курстың мақсаты ТжКБ ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады. Курсты оқу нәтижесінде модуль бойынша жаңартылған оқыту нәтижелерін ескере отырып, жұмыс оқу бағдарламасының жобасын әзірледік. Кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологияларды, оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын дамыттық, жоспарланған оқу сабағының жоспарын жасауды меңгердік.
Мамандық бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында кәсіби қызметке функционалдық талдау жүргіздік. Әр модуль сайын өткізілген сабақтарға рефлексия жасап, қорытындыладық. Сонымен қатар, теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұштастырып, өндіріс орындарында тағылымнан,
аспаз мамандығы бойынша,Қаскелең ауданындағы «Нама Park» мейрамханасында өттік. Бұл курстың берері көп болды. Курс өте қызықты өтті, көп жаңа ақпараттар алдық.
Осы курсты ұйымдастырған «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ризашылығымыз шексіз.Болашақта осындай курстарды көбірек ұйымдастырса жақсы болады деп ойлай
«Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзреттілігін дамыту» курс жайлы пікір
2023 жылдың 23 қазаны мен 03 қарашасы аралығында«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырумен бастау алған «Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерініңбіліктілікті арттыру курсын өттім.
Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны. Жас маман ретінде оқу сабағының жоспарын жасауды,оқу процесінде инновациялық технологияларды қолдану дағдыларын үйрендім. Курстан алған білімімді, сабақта қолдана отырып, мұғалім де, бала да үнемі ізденіс үстінде болады. Курс өте қызықты өтті, көп жаңа ақпараттар алдық. «Тігінші» мамандықтары бойынша әріптестерімізбен тәжірибе алмастық. Осы курсты ұйымдастырған «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ризашылығымыз шексіз.Болашақта осындай курстарды көбірек ұйымдастырса жақсы болады деп ойлаймын.
Айтжанова Асем
Талғар политехникалық колледжінің аспаз мамандығы бойынша оқу өндіріс шебері