«Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзреттілігін дамыту»

«Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі  білім беру педагогтарының кәсіби құзреттілігін дамыту»

2023 жылдың 23 қазаны мен 03 қарашасы аралығында«Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырумен бастау алған  «Техникалық  және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерініңбіліктілікті арттыру курсын өттім.

Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.Жас маман ретінде оқу сабағының жоспарын жасауды,оқу процесінде инновациялық технологияларды қолдану дағдыларын үйрендім. Курстан алған білімімді, сабақта қолдана отырып, мұғалім де, бала да үнемі ізденіс үстінде болады. Курс өте қызықты өтті, көп жаңа ақпараттар алдық.   «Тігінші» мамандықтары  бойынша әріптестерімізбен тәжірибе алмастық. Осы курсты ұйымдастырған «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ризашылығымыз шексіз.Болашақта осындай курстарды көбірек ұйымдастырса жақсы болады деп ойлаймын.

Талғар политехникалық колледжінің

өндірістік оқыту шебері

Тлепберген Айдана Болатқызы