Біліктіліктіарттырукурстары

Біліктіліктіарттырукурстары

   «Talap» КеАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарында «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша 2023 жылдың 25 қыркүйекпен 6 қазан аралығында екі апталық курсына қатыстым. Нағыз маман иелерін білім нәрімен сусындату үшін,педагогтар өзінің білім қорын үнемі тереңдетіп,заманға сай жетілдіріп отыру керек.

 Курстың мақсаты ТжКБ ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады. Курсты оқу нәтижесінде модуль бойынша жаңартылған оқыту нәтижелерін ескере отырып, жұмыс оқу бағдарламасының жобасын әзірледік.Біліктілік курсында «Модуль бойынша жұмыс оқу бағдарламасын құру», «Модуль кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологиялар», «Модуль өндіріс маманына қойылатын негізгі талаптар», «Модуль кәсіпорындарда өндірістік мекемелерде тәжірибеден өту» тақырыптары бойынша 4-модульден тұрды. Кәсіптік білім берудегі негізгі педагогикалық технологияларды, оқу процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын дамыттық, жоспарланған оқу сабағының жоспарын жасауды меңгердік. Мамандық бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында кәсіби қызметке функционалдық талдау жүргіздік. Әр модуль сайын өткізілген сабақтарға рефлексия жасап, қорытындыладық. Сонымен қатар, теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұштастырып, өндіріс орындарында тағылымнан,тігінші мамандығы бойынша,Талғар қаласындағы «Clotwell» ЖШС тігін цехында өттім. Бұл курстың берері көп болды. Курста көп  жаңа,пайдалы ақпараттар алып,білімімді толықтырдым.

Талғар политехникалық колледжінің

өндірістік оқыту шебері

Смағұлова Салтанат Нүсіпқызы