Қаржыгерлер күні

Қаржыгерлер күні

15 қарашада экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін атап өтеді. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз — теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, қайталанбас тарихы, өз құндылығы және батырлары бар.
Өз ісіне берілген, бір салада үзбей еңбек етіп жүрген қаржыгерлер біздің де ауданымызда жетерлік. Теңгенің елімізде енгізілген тарихи сәтінің куәгері болған Ажибаева Кулшакира
Ауғангалиқызы қаржы саласында 40 жыл бойы еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1983 жылдың қазан айында Талдықорған облысы Кербұлақ аудандық білім бөлімінде бухгалтер қызметінен бастаған. Ол экономист, бас бухгалтер, қазынашы, бастық орынбасары, басшы лауазымдарында қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Талғар аудандық қазынашылық басқармасының басшысы. К. Ажибаева Ұлтық валюта 1993 жылы 15 қарашада еңгізілгенде ҚР Ұлтық банкітің есеп-айырысу орталығында бас бухгалтер қызметін атқарып, төл теңгеміздің ең алғашқы айналымға еңгізгендердің қатарында болды.
Сондай-ақ өмірінің 32 жылын қаржы саласына арнаған асыл жанның бірі – Карибаева Майра Ыдырысқызы. Еңбек жолында кассир, оператор, бухгалтер, экономист, қазынашы, сектор меңгерушісі, бас маман қызметтерін атқарды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлтық банктің Талғар ауданының кассалық- есеп орталығында кассир болып теңгенің айналымға шығуына жемісті еңбек еткендердің қатарында болды. Казіргі уақытта Талғар аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас қазынашысы болып жұмыс жасайды.
Барлық қаржыгерлерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз! .
Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!

«Alatau zhuldyzy» газетінің ұжымы