Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесі өтті

Жуырда жылдағы дәстүр бойынша Алматы қаласында Алматы облыстық ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Оған облыстың Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар мен Еңбекшіқазақ ауданынан келген өнімдер ұсынылды. Еңбекшіқазақ ауданынан барған шаруа қожалық иелерінің өнімі үлкен сұранысқа ие болып ие болды. Жеміс-жидектер мен сүт өнімдері жоғары бағаланды.

20,3 тонна ет өнімдері, 6 тонна сүт өнімдері, 20,6 тонна картоп, 25,4 тонна көкөніс, 22 тонна алма, жеміс-жидек, басқа өнімдер – 45,2 тонна. Жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықағы бағадан 10-20 пайыз төмен болды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды арзан бағада алуға келген қала тұрғындары да мұндай шараның берері мол екнін атап өтті.
Жәрмеңке өткізу дәстүрге айналғанына қуанған тұрғындар бір жағынан сауда жасаса, енді бір жағынан мерекелік көңіл-күйге бөленіп облысқа қарасты ауданнан келген өнерпаздардың өнерлерін тамашалап, мәз-мейрам болды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген малшылар мен диқандар тұрғындарға еңбектерінің жемісін көрсетіп, өнімнің жасаулу жолдары туралы әңгімеледі. Табиғи өнімнің денсаулыққа пайдасы туралы айтып, табысы туралы да сөз қозғады. Ауылдың дәмін татып, таза өнімге қарық болған қала тұрғындары мұндай шараның жалғасуын тілеп, егінші-малшы қауымның ісіне береке тіледі. Тауарлардың бағасы көңілге қонымды, сапасы жоғары екенін де атап өтті.
«Мұндай шаралар халық үшін де, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін де пайдалы. Тауарлардың бағасы арзан. Бүгін сиыр, қой етін, қолдың майын, алма, жеміс-жидек сатып алдық. Жәрмеңкеге жылда келеміз. Жиі-жиі өтсін мұндай жәрмеңкелер», – деді тұрғын Әбілахат Шелбаев.
Арнайы ұйымдастырылған шараға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Жәрмеңкеге ірі шаруа қожалықтары да өнімдерін әкелген. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған саудагерлер дән риза. Таңғы 9.00-ден бастап-ақ кәсіпкерлердің қолы жүріп, сауда жасап жатты. Жалпы Алматы облысы елімізде сары өрік өсіру бойынша 1-ші орынды, картоп өсіруден 2-ші орынды, күріш егуден 2-ші орынды алып отыр. Сондай-ақ облыс құс өсіріп, етін өңдеуден алғашқы орында. Өңірде 8,3 млн бас құс бар. Алматы қаласы бойынша құс етінің сұранысын (35 мың тонна) толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Зорагүл Әбдіқадір