2018 жылғы ақпанның 1-3 аралығындағы ауа-райы болжамы

2018 жылғы ақпанның 1-3 аралығындағы ауа-райы болжамы

Синоптиктер 2018 жылғы ақпанның 1-3 аралығындағы ауа-райы болжамы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды  alatau-zhuldyzy.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Атлантикалық циклонмен байланыстырылған жылы ауа массалары Қазақстанға өте баяу жылжуда. Мұның себебі республиканың ауа-райына суық және қуатты Сібір антициклонының тигізген әсері болып табылады. Бірақ басталған жылуды тоқтата алмайды» — дейді мамандар.
Алдағы үш тәулікте, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар, Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температураның көтерілуін ғана емес, жол-жөнекей  боран, қар жауу, қатты батыс желін, оңтүстік аудандарға көктайғақ алып келеді. Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады дейді.

Талғар-ақпарат