Тұрғындарды толғандырған мәселе көп

Тұрғындарды толғандырған мәселе көп

Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы ауыз су мәселесі ушығып тұрғалы талай жылдың жүзі болса да әлі күнге дейін түбегейлі шешілмей келеді. Ауыз судан тарыққан ағайынның қара суға қол жеткізу үшін істемеген амалы жоқ екені де әмбеге аян. Ауыл әкімі Ернар Жүнісов осы және өзге де мәселелерге қатысты пікір білдіріп, биылғы жылы атқарылған жұмыстардың есебін онлайн тапсырды. Әлеуметтік желіде елмен жүздескен әкім бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Бесағаш ауылдық округі бойынша биыл 21 көшенің жарықтандырылғанын жеткізген округ әкімі белгілі себептерге байланысты кейбір аулаларда жарықтың болмай тұруын уақытша қолайсыздық деп түсіндірді. Райымбек көшесі екінші жағынан да қаладағыдай жарық болатынын айтқан әкім әлеуметтік нысандары бар Уәлиханов, Қасым Қайсенов, Аманбөктер көшелерінің асфальтталып, жарықтандырылғанын атап өтті. Ш. Құдайбердиев көшесінің қашан жасалатынын сұраған тұрғынға: «Бұл көшеде тартылған су құбырының сәтсіз жасалғанын білесіздер. Тартылған құбыр­дың да сапасы нашар болғандықтан 1 айдың ішінде көше тағы қазылады. Сондықтан көше толығымен келесі жылы жасалады», – деп жауап беріп: «Тас-құм Су» мәселесіне келетін болсақ, 1968 жылы тартылған 200-дік құбыр мен 2 сорғы ол кезде 4 700 тұрғынға арналған еді. Қазір 50 мыңнан асып кеттік. Сондықтан ауыз су тұрғындарға толық жетпей жатыр. Ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаңа жоба жасалып, сараптамаға өткізілген. Қырқүйекте сараптамадан оңтайлы өтсе, осы бағыттағы жұмыстарды қолға алатын боламыз.

Бұрынғы аудан әкімінің тапсырмасымен Бесағаш әкімдігі тарапынан су желілерінің иесі деп танып, тіркеген. Негізгі жобасы да әзірленіп, оның жұмысы 2020 жылы біткен. Бірақ су жинау торабына қажетті деп танылған жер телімдері «Қайрат» футбол клубының жаттығу алаңының мемлекеттік актсіне еніп кеткен. Ол мәселені де оңынан шештік. Сондықтан жобаны қайта есептеу және түзету жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдан бері атқарылған жұмыстың нәтижесі де мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Қыркүйек айының соңына дейін ол да бітеді деген жоспар бар. Өйткені мемлекеттік сараптаманың жасалу уақыты 45 жұмыс күніне негізделген. Бұл ауылдың мәселесі аудан, облыс қана емес, республикаға да мәлім. Жоба дайын болса, көп кешікпей қаражат та бөлінеді.

Айбек Ақылжанов,
Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль
жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі
басшысының міндетін атқарушы

Алатау тарссасы облысқа қарайтындықтан ол жақтың жарықтандыру мәселесі де жуықта шешіледі. Ол жерге де өзіміз жаяу жүргінші жолағын жасап, жарықтандырғанбыз. Биыл 1000 м2 жолды жамап-жасқап, жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырмыз. Бөлінген қаржының тапшылығына байланысты аздаған кедергі бар, екінші рет бюджеттен осы мәселеге қатысты қаражат сұрап отырмыз. Егер аудан тарапынан қолдау көрсетілсе барлық жұмыс аяқталатын болады», – дегенді алға тартты.
Айтуынша, жол бойындағы ағаштарды күзеп-түзеу жұмыстары қолға алынып, 117 ағашты ақылы, 400-ге жуық ағашты ақысыз түрде түзеген. Қалғаннына ауыл тұрғындарының көмегі керек екенін жеткізіп, мүмкін болса бір сенбі-жексенбі сенбілік ұйымдастырсақ деген де ұсыныс айтты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген бар емес пе, ауыл тұрғындары біріксе, «ине де қолға ілігетіні» анық.
Барлық ауылдардағыдай мұнда да әлеумет әлеуеті үшін жол мәселесін көтерген тұрғындар қатары көп. Бүгінде 1 м2 асфальттың құны 6,800 теңге екенін айтқан әкім Жерұйық көшесінің тек асфальтына 153 млн теңге қаражат жұмсалғанын атап өтті. Ал республикалық, облыстық маңызы бар Казавтожолға қарайтын жолдардың мәселесін жеке өзі шеше алмайтынын да ашық айтты.
Ауыз судан таршылық көрген тұрғындардың жанайқайы да айтылған тікелей эфирде Алласы ауызынан түспейтін округ әкімі алдағы уақытта «Тас-құм Суға» күні қараған елдің мәселесі жаңа жоба аясында шешіліп қалар деген үмітке толы жауап берді. Көп жұмысты істеуге қол байлау болып отырған бюджет қаражатының тапшылығы кедергі екенін де айрықша атап өтті.


Жол бойында қарбыз сатып, отырған жерін қоқысқа толтырып кететіндерге қатысты сұраққа оларды қууын қуғанмен, соны сатып, нанын айырып отыр­ғандар да өзіміздің қара халық қой деген уәж келтірді. Жүрегі жұмсақ әкімнің ақ ниетіне рақмет қой, десе де қоғамдық тәртіп пен тазалықтың баршаға ортақ екенін ескергені де жөн болар. Халықпен әрдайым бірге екенін, кез келген уақытта телефонға жауап беріп, кездесуге де дайын екенін айтқан әкім жұмысты мойындарына алып, артынша істерін аяқсыз қалдырып, шала тастап кететін мердігер компанияларға да өкпесі қара қазандай.
Округ әкімі айтқан ақпарға сүйенсек, Айманов-Наурызбай батыр көшесіндегі ойын алаңын өртеп жіберген, арнайы орнатылған 6 бірдей қоқыс шелегін 1,5 метрге дейін қаққызып орнатқанмен, оларды теміріне бола түбінен болгаркамен кесіп алып кеткендерді таба алмай отырғанын да өкінішпен жеткізді. Рас, бұл мәселеде ашкөздіктен ел үшін атқарылған істердің астаң-кестеңін шығаратын алаяқтарға халықтың да жаны қас. «Чиль-Сон» гипермаркетінің жанындағы балалар алаңқайына орнатылған ойыншықтарды да сындырып, бүлдіріп кеткендерге не айтуға болады? Қарапа­йым ғана қоқыс тастау мәдениетін білмейтін адамдардың өрескел қылықтары да қынжылтады.
Міне, көріп отырғаныңыздай, ел ішінде елең етер мәселелер аз емес. Әкім-қаралар да бәріне «жоқ» деп, ат-тонын ала қашып жатқан жоқ. Біткен істі бүлдіргендерді ұстауға халық та ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Біреулердің кесірінен туындаған мәселелерді қайта-қайта жасауға кеткен қайран қаражаттың есебінен бітпей тұрған істер жүзеге асырылса қандай ғанибат болар еді деген көкейкесті сұрақ келеді…Белбұлақ ауылдық округіндегі басты мәселе 2023 жылдың І жарты жылдық бойын­ша есеп берген өткізген Белбұлақ округінің әкімі Нұрбол Досымбаев ауыл тұрғындарымен онлайн-брифинг өткізді. Сұрақ-жауап негізінде өткен брифингке қатысушылар Талдыбұлақ, Бірлік, Белбұлақ тұрғындары болғандықтан, аталған ауылдардағы қордаланған мәселелер жөнінде өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алуға тырысты. Олардың ішінде әсіресе жол, жарық, ауылдарға кіретін маршруттар мәселесін көтергендердің қарасы көп.

Елді мекендерді жарықтандыруға — 95 млн 320 мың теңге, оның ішінде: Жергілікті бюджет қаражаты есебінен — 38 млн 320 мың теңге бөлініп, оның ішінде:
— Жарық бағаналарын ұстап тұруға – 6 млн 550 мың тенге;
— Жұмсалған электр жарығының төлемақысына -15 млн 770 тенге;
Мамыр, маусым айларында 10 млн 530 мың теңге қаражатқа Белбұлақ ауылының Біржан сал, Астана, Бұқар жырау, Абай, БАКАД Талғар трассасы, Талдыбұлақ ауылындағы /аялдама/, барлығы 140 жарық бағаналары орнатылды.
Талдыбұлақ ауылының Наурызбай батыр көшесіне жарық бағаналарын орнатуға – 5 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыс істелді.

Нұрбол Досымбаев,
Белбұлақ ауылдық округінің әкімі

Мәселен, «Талдыбұлақ ауылының жаңа құрылысы жағына мектеп салу жоспары бар ма?» – деген сұраққа: «Жоқ», – деп жауап берген округ әкімі мжоспар бойынша БАКАД жаққа салынатын мектепке тиесілі жер телімінің дайын екенін айтып, 2024 жылы құрылыс жұмысы басталатынынн жеткізді.
Ал осы ауылға тұрақты жүріп тұрған «Тұлпар Эксперсс» ЖШС-іне тиесілі №5 маршруттың жүру бағытын ұлғайту туралы сұрағына: «Жаңа құрылыс жақтың жолын асфальттаған соң ғана Қарқаралы көшесіне дейін жүргізу жоспары бар. Биылғы жылға ол мақсатта бөлінген қаражат болмағандықтан, ол келесі жылға қалып отыр», – деп жауап берді. Айта кетейік, «Тұлпар Эксперсс» ЖШС-нің басшысы Бауыржан Әукенов те газетімізге берген сұқбатында егер ол жақтың жолы асфальтталатын болса, автобус маршрутын созуға ешқандай кедергінің жоқтығын айтқан.
Ауыл ішіндегі көшелердің жарықтандыру мәселесін көтерген тұрғындарға мәселелердің кезегімен қарастырылатынын жеткізген Н. Досымбаев: «Қазір жарықтандырылған және жарықтандылырып жатқан көшелер бар. Жұмыс­тар жоспар бойынша жүргізілетіндіктен, Ягодный, Әлиев көшелерінің төменгі бөліктерін жарықтандыру үшін келесі жылы сұраныс береміз», – деп атап өтті.
Бірлік ауылының Іздеубай көшесін су тартамыз деп жаңа асфальтты талқандап кетті деген тұрғын жұмысты атқарып жатқан компанияның шалағай ісіне наразы. Аталған сұрақ бойынша бір-екі аптада көшені қалпына келтіру жұмысы жүргізілетінен жеткізген әкім су құбырын тартып жатқан компанияның да көшені қалыпқа келтірумен айналысатын компания іздеп жатқаннын тілге тиек етті. Ал Талдыбұлақта тартылып жатқан су құбырының жұмыстары аяқталуға жақын қалғандықтан, алда бұл ауылдағы ауыз су мәселесі толық шешілетініне сенгіміз келеді.
Сондай-ақ қордаланған мәселелер қатарында ауыл ішілік жол мәселесі де көптеп көтеріліп, ол бойынша да тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Белбұлақ ауылдық округіне қарас­ты мәселелер мен аудан, ауыл әкімінің кездесулері туралы мақалаларды газетіміздің өткен сандарында жарық көрген мақалалардан да оқуға болады. Бәрі бір күнде болмаса да, біртіндеп шешіліп жатқан мәселелер мен атқарылып жатқан ауқымды істер жетерлік. Дегенмен ел болып еңсеретін шаруалардың да бар екені анық. Әсіресе қоғамдық тәртіп пен ауыл тазалығын, тыныштығын сақтауда бір қолдың саласындай, бір ауылдың балсындай бірлік керек екенін естен шығармайық, аға­йын!

Жанбота Сұлтанмұратқызы