ПХЕНЧХАН ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАДАҒЫ КЕСТЕСІ

ПХЕНЧХАН ҚАЛАСЫНДА ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАДАҒЫ КЕСТЕСІ

Пхенчхан қаласында 9-25 ақпан аралығында өтетін қысқы Олимпиада ойындарда Қазақстан спортшылары өнер көрсететін уақыт кестесін ҚазАқпарат агенттігі ұсынады, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты.

Ұлттық Олимпиадалық комитет мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Кореяда Қазақстан атынан 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Айта кетейік, Тәуелсіздік алғалы еліміз қысқы Олимпиадаға спортшыларын осымен 7-ші мәрте аттандырып отыр. 9 ақпан күні Пхенчханның Олимпиада стадионында Астана уақытымен сағат 17-00-де ашылу салтанаты басталады. Бұл шарада Қазақстанның көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көтеріп шығады.

«ҚазАқпарат» ұсынып отырған кесте телетрансляция уақыттарынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескертеміз. Кестедегі сайыс мезгілі Астана уақытымен көрсетілген. Ауа райына байланысты сайыстардың уақытында өзгерістер болуы ықтимал.

9 ақпан (жұма)

7:00, 8:45 Фристайл-могул, біліктілік (Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков)

17:00 Олимпиаданың ашылу салтанаты

10 ақпан (сенбі)

13:15 Шаңғы жарысы, дуатлон, әйелдер (Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленева)

16:00 Шорт-трек 1500 метр, ерлер (Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша Денис, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев)

16:10 Шаңғы спорты, ерлер (Никита Копыренко)

17:15 Биатлон, спринт, әйелдер (Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Елизавета Бельченко, Алина Райкова)

18:35 Трамплиннен секіру, ерлер (Cергей Ткаченко)

11 ақпан (жексенбі)

08:00 Тау шаңғы спорты, даунхилл, ерлер (Игорь Закурдаев)

12:15 Шаңғы жарысы, дуатлон, ерлер (Алексей Полторанин, Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало)

15:50 Шаңғы спорты, жекелей финал, ерлер

16:30, 18:00 Фристайл-могул, финал, әйелдер

17:15 Биатлон, спринт, ерлер (Василий Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Владислав Витенко)

12 ақпан (дүйсенбі)

7:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, алып слалом, әйелдер (Мария Григорова)

16:10 Биатлон, әйелдер

16:30, 18:00 Фристайл-могул, финал, ерлер

18:30 Конькимен жүгіру, 1500 метр, әйелдер (Екатерина Айдова)

13 ақпан (сейсенбі)

08:30, 12:00 Тау шаңғы спорты, суперкомбинация, ерлер

14:30,17:00 Шаңғы жарысы, спринт, классикалық стиль, ерлер және әйелдер

16:00 Шорт-трек, 500 метр, әйелдер (Анастасия Крестова, Ким Йонг А)

17:00 Конькимен жүгіру спорты, 1500 метр, ерлер (Роман Креч, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Артем Крикунов, Станислав Палкин)

14 ақпан (сәрсенбі)

07:15, 10:45 тау шаңғы спорты, слалом, әйелдер

16:00 Конькимен жүгіру спорты, 1000 метр, әйелдер

17:00 Биатлон, 15 шақырым. Жекелей сайыс, әйелдер

15 ақпан (бейсенбі)

08:00 Тау шаңғы спорты, аса алып, ерлер

12:30 Шаңғы жарысы, 10 шақырым, еркін стиль, әйелдер

17:00 Биатлон, 20 шақырым жекелей сайыс, ерлер

17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, әйелдер (Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аян Жолдас)

16 ақпан (жұма)

7:00-11:30 Мәнерлеп сырғанау, ерлер, қысқа бағдарлама (Денис Тен)

12:00 Шаңғы жарысы, 15 шақырым, еркін стильде, ерлер

17:00 Фристайл-акробатика, финал, әйелдер

18:30 Шаңғымен трамплиннен секіру, біліктілік, ерлер

17 ақпан (сенбі)

7:00-11:25 Мәнерлер сырғанау, ерлер

08:00 Тау шаңғы спорты, аса алып, әйелдер

15:30 Шаңғы жарысы, эстафета, әйелдер

16:00 Шорт-трек, 1000 метр, ерлер, 1500 метр, әйелдер

17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, ерлер (Ильдар Бадрутдинов)

18:30 Шаңғымен трамплиннен секіру, финал, ерлер

18 ақпан (жексенбі)

07:15, 10:45 Тау шаңғы жарысы, алып слалом, ерлер

12:15 Шаңғы жарысы, эстафета

18 ақпан (жексенбі)

07:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, алып слалом, ерлер

12:15 Шаңғы жарысы, эстафета, ерлер

17:00 Конькимен жүгіру спорты, 500 метр, әйелдер

17:00 Фристайл-акробатика, финал, ерлер

17:15 Биатлон, 15 км, масс-старт, ерлер

19 ақпан (дүйсенбі)

17:00 Конькиемен жүгіру спорты, 500 метр, ерлер

20 ақпан (сейсенбі)

16:00 Шорт-трек, біліктілік, 500 метр, ерлер, 1000 метр, әйелдер

17:15 Биатлон

21 ақпан (сәрсенбі)

7:00-11:30 Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама, әйелдер (Элизабет Тұрсынбаева, Айза Мамбекова)

08:00 Тау шаңғы спорты, даунхил, әйелдер

14:00, 16:00 Шаңғы жарысы, командалық спринт еркін стильде, ерлер және әйелдер

22 ақпан (бейсенбі)

07:15, 10:45 Тау шаңғы спорты, слалом, ерлер

16:00 Шорт-трек, финал, 500 м, ерлер, 1000 метр, әйелдер

17:15 Биатлон, эстафета, әйелдер

23 ақпан (жұма)

7:00-11:15 Мәнерлеп сырғанау, әйелдер

08:00, 11:30 Тау шаңғы спорты, суперкомбинация, әйелдер

16:00 Конькимен жүгіру спорты, 1000 м, әйелдер

17:15 Биатлон, эстафета, ерлер

24 ақпан (сенбі)

11:00 Шаңғы сайысы, 50 шақырым, классикалық стиль, ерлер

17:00 Конькимен жүгіру спорты, масс-старт, ерлер мен әйелдер

25 ақпан (жексенбі)

6:30 Мәнерлеп сырғанау

12:15 Шаңғы жарысы, 30 шақырым, классикалық стиль, әйелдер

17:00 Олимпиаданың жабылу салтанаты

Талғар-ақпарат