ПАВЛОДАРДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘДЕЙІ АДАМ ҚАҚҚАН

ПАВЛОДАРДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРІ ӘДЕЙІ АДАМ ҚАҚҚАН

Суретте: Әділет департаменті сот орындаушылар жергілікті бөлімінің көлік жүргізушісі Санжар Байтеков.

Жол апатын өз көзімен көрген әкімдік қызметкері қылмысты жасыру үшін жалған ақпарат берген, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты ratel.kz парталына сілтеме жасап.

Железин ауданының ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Азамат КАМАРИДЕНОВ жалған ақпарат бергені үшін шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол екі рет адамды қағып кеткен 24 жастағы досы, жергілікті әділет департаментінің сот орындаушылар бөлімінің көлік жүргізушісі Санжар БАЙТЕКОВТЫ қорғап, соттан аман алып қалу үшін бар амалын жасаған.

Жол апаты 2017 жылдың мамыр айында орын алған. Алайда бұл істің қаралуы 8 айға созылып кеткен.

Сот құжаттарына сәйкес, оқиға былай өрбіген.

Апат болған күні Байтеков қызмет көлігін алып, қыдырып кеткен әкесін іздеуге шыққан.  Железин ауданында ол әкесін ТОРОПЧАНИН есімді ер адаммен отырған жерінде кездестіреді, олар бірге ішімдік ішкен көрінеді, сол себептен ұрыс-керіс шығады.

Бір мезетте Байтеков рөлге отырып, Торопчанинды соғуға ұмтылады. Ол өз кезегінде соққыдан қашып құтылады, алайда бірінші әрекеті іске аспаған соң, жүргізуші көлікті бұрып бейшараны соғып қана қоймай, алдыңғы және артқы дөңгелектермен басып кетеді.

Жаны сау қалған Торопчаниннің қабырғалары сынып, ішкі органдарынан қан кеткен. Сол кезде ғана Байтеков жедел жәрдемді шақыруды ұйғарады.

Торопчанин қатты мас болғандықтан, полиция қызметкерлеріне болған оқиғаның мән-жайын түсіну қиынға түскен. Бәйтековтың өзі кінәсін мойындауға асықпаған көрінеді.

Бірақ әкімдік қызметкері Азамат Камариденов оқиға күәсі болғаны анықталады.

Алайда, ол ақпарат беруден бас тартқан. Оған қоса, шенеунік оқиға туралы ештеңе білмейтіні жайлы екі рет түсінік жазып берген. Осы себепті, тергеу жұмыстары жарты жылға созылып кеткен.

Бірақ, соңында айыпталушы мен куәгер де  ұсталады. Санжар Байтеков адам денсаулығына аса ауыр залал келтірген үшін 3,5 жылға бас бостандығына шектеу жазасын алады. Ал Азамат Камариденов жалған ақпарат берген үшін бас бостандығынан шартты түрде 5 жылға кесіледі.

Агенттік тілшісінің мәліметінше, ол — 2016 жылы «ХХI ғасыр көшбасшысы» байқауына қатысып «Железин ауданының үздік мемлекеттік қызметкері» жүлдесін жеңіп алған.

Талғар-ақпарат