Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыздыққа жол беріп, қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істеп отыр деген күдікке ілініп және осыған сәйкес сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімін жариялады. Қалтасындағы қаражатын инвестициялауға ниеттенген әр азамат көздеген компаниясының заңды немесе заңсыз екенін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігің (ҚНРДА) реестрінен ғана емес, төменде көрсетілген тізім бойынша да анықтай алады.
Тізімді бастап тұрған сол баяғы атышулы QUASAR, Chia Tai Tiahging, Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group, Q-net компаниялары болса, бұл қатарға әлемді аралатып, дүниенің жүзіне саяхаттауға жол ашамыз деп жарнамасы жер жарып тұрған InCruists қомпаниясы да қосылған. Бұл туралы сала мамандарының Талғар ауданында өткен арнайы жиынында да сөз қозғалғанын айтқанбыз. Қазіргі уақытта Webtrader инвестициялық компаниясы да тізімді толықтыра түскен. ҚНРДА халықты осындай аляқтардың құбаны болудан сақтануға шақырады. «Сақтаңсаң, сақтаймын» деген бар емес пе! Ендеше алаяқтардың құрбанына айналғыңыз келмесе төменде көрсетілген тізімге зер салуға кеңес береміз.
Тізім el.kz ақпарат агенттігің сайтынан алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан қаржы пирамида жобаларының тізімі
QUASAR, Chia Tai Tiahging , Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group, Q-net, InСruises, QazHome, «Life is good» LTD, ПК «Best way» холдингіне кіретін «Hermes management LTD», Sincere Systems, ЖК-ОTAU KZ, LUXERY, World Business Consulting, GAP, ТОО «Upgrade-AS», ПК «UBW.kz», «Antares Trade»,«Antares Limited», Sincere Systems, Innova Gold, ТОО «IG Group KZ», Тhe Great Tower, B2B Jewerty, ТОО «Семейный Капитал», Robotice, BestRoadInvestment, TheFiniko
ТОО «Финстатус» и ТОО «ПрофитГруп», «AYBA-Жанўя» ЖШС, Тергеу аяқталды (сотта қаралуда), World Business Consulting, ПК «UBW.kz», «Antares Limited», «Антерес Трейд» , Sincere Systems, Innova Gold, ЖК-OTAU KZ
Сот үкімі шыққан қаржы
пирамидаларының тізімі
ҚП атауы Үкім шығу мерзімі
LV Force 30.09.2022
Unique Finance 24.05.2021
B2B Jewerly 28.10.2021
Caspian Cocus 03.11.2022
World Business Consulting 31.03.2022
Finiko 17.03.2023
Investment Consulting Agency 05.07.2022
Eden life, MMK Investment 02.03.2023
Шаңырақ+ (ТОО Best Road Investment) 30.12.2022
River Coins Limited 28.09.2022
Денежный поток 11.05.2021
Великое будущее 18.10.2021
Нұр-жиһаз 16.08.2022
Лидер Капитал 168 28.09.2022
Нарымбетова 14.09.2022
Нарымбетова 15.12.2022
ПК Ата-мекен 2021 01.02.2023
Айналым 30%, 3 күнде 30%,
Асыл инвест 28.12.2021
ПК GAP 06.10.2022
Табыс 15.04.2022
Котел 03.11.2021
Раушан касса 09.07.2020
«4 кун 70%, 5 кун 70%», «Bay Life», «Бронь», «Bay Life чеки», «Айналым», «Вип чат» 08.07.2022
Q-net 31.03.2023
«Hermes management LTD» 28.03.2023
Бұл ретте аталған агенттік тің мәліметінше, осы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтағанын да айта кеткен жөн. Ал кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік желі қолданушыларына жіберілген ескертулер нәтижесінде 52 мың желі қолданышысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан көрінеді. Бұл дегеніңіз көңіл көншітекр жағдай емес. Демек қолда бар аз ғана қаражатын табан астында таусылмайтын қазынаға айналдырғысы келетіндердің қатары тып көп екенінен хабардар етсе керек. Ал біз қолдан келгенше көмек болсын деп ресми ақпаратты алдыңызға тастады. Ендігісі өз қолыңызда, қымбатты қалайық!
Жанбота Сұлтанмұратқызы