GGG мен «Канело» алдағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді

GGG мен «Канело» алдағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қоюына байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойғаны хабарланған еді. Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері және жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді.

Бірақ әзірше жекпе-жектің өтетін орны белгіленбеді.

«Мен Альвареспен қайтадан жұдырықтасуға дайынмын және осы жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Бұл бүкіл әлем қалап отырған жекпе-жек. Маған лайық кездесу. Бірінші кездесуде мен судьялардың кейбір шешімдерімен келіспедім. Ал бұл жолы ешқандай да күмән болмайды. Мен рингтен орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде кетемін», — деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com басылымы.

«Бокс тарихындағы ең маңызды жекпе-жекті қайта өткізуге қуаныштымын. Бұл жолы Геннадийді судьялар ақтап ала алмайды, себебі мен оны нокаутқа түсіремін», — деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com басылымы.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.

Талғар-ақпарат