Синоптиктер 30 қаңтар мен 1 ақпандағы ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша алдағы уақытта күн жылынады.
«Алтайда орналасқан суық және күшті антициклон әдеттегідей Қазақстанның ауа-райының өзгеруін анықтайды. Сондықтан демалыс күндері ауа температурасы нормадан республиканың көптеген облыстарында 8-15 °C-қа дейін, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығысында 17…22°С төмендеді. Бірақ қатты аяз бәсеңдеп, 29 қаңтарда республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы — 20..27 °С аралығында болды» — дейді синоптиктер.
Алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден жылжыған жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен температураның көтерілуі тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында да күтілетінін айтты.
Талғар-ақпарат