Астанада бір апта ішінде екінші адам автобуста көз жұмды

Астанада бір апта ішінде екінші адам автобуста көз жұмды

Бүгін астаналық №307 бағыт автобусында егде адам қайтыс болды. Ол туралы «Астана LRT» қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева айтты, деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, марқұм Қоянды ауылындағы соңғы аялдамадан отырған. «Жүргізуші бағыт бойынша қозғалысты бастаған сәтте, жолаушылардың бірі салондағы ер адамның жағдайы нашарлағанын айтып, жанұшыра айғайлады. Жүргізуші автобусты тоқтатып, алғашқы көмек (жүрекке массаж жасау) көрсетті. Сондай-ақ, жолаушылар арасында медициналық білімі бар әйел болған. Ол тезірек дәрігерге жүгіну қажеттігін, ер адамның көз жұмуы мүмкін екенін ескертті», — деп хабарлады Н.Азанбаева өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жүргізуші жолаушыны жақын жердегі ауруханаға 3 минутта жеткізген, бірақ оның өмірін сақтап қала алмады. Алдын ала болжам бойынша, ер адам жүрек талмасынан көз жұмған. Тергеу амалдары жүргізіліп, өлім себебі анықталып жатыр. Еске сала кетейік, бұл — соңғы бес күнде орын алған Астанадағы екінші қайғылы оқиға. 24 қаңтар күні №48 бағытта жолаушы әйел қаза тапқан еді.

Талғар-ақпарат