Жыланның уы, балықтың інжуі, тіпті бал арасының балы да осы жаңбыр суынан пайда болады. Сәуір жаңбыры – қиыншылықтарға кеңшілік, дерттерге дауа, ауруларға шипа. Сулардың ішіндегі ең тазасы да сәуір жаңбыры. Онымен ұйытылған айран тіл үйіреді, емдік қасиеті де жетерлік. Сәуір жаңбырында суланған киім шірімейді, шаштар түспейді, әсіресе дұға оқылған сәуір жаңбыры Алланың рұқсатымен қояншық және психологиялық ауруларға дауа, тән ауруларына да пайдалы деген сенім бар. Хз. Әбус Суғуд (р.һ.) былай дейді: «Бұл суды ішкен кісінің барлық ауруларына пайдасы бар. Сәуір жаңбырын алу тәсіліне абай болған жөн. Ыдыс биік жерге қойылады. Жаңбыр тіке ыдысқа түсуі керек. Жылғадан аққан су жарамайды».
Қазіргі уақытта ауа лас болғандықтан алғашқы жаңбырды емес, екінші немесе үшінші жауған жаңбырды алған жөн. Ауадағы ластық тазаланған болуы керек. Сосын суды алғасын сүзіп барып қолданады. Әр жылы сәуір айының (Руми күнтізбесі бойынша) 17-інде Алла тарапынан ағаштар мен шөптерге тұқымдар төгіледі. Мұнда ғажайып сыр жатыр. Міне, Алла Тағаланың жаратылыстағы құдіретінде біз білмейтін көптеген сырлар мен хикметтер жасырынған. Хз. Пайғамбарымыз бір хадис шәріпінде былай дейді: «Жәбірәйілдің (а.с.) маған сондай керемет дәрі үйреткені (соншалық ол дәрінің арқасында) емшілердің дәрісіне мұқтаждық қалмайды». Сахабалар: «(Ол дәріні) бізге де үйрет уа, Алланың пайғамбары!» деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сәуір жаңбырын жинаңдар. Оған 70-рет Фатиха сүресін, 70 рет Ыхлас сүресін, 70 рет Фалақ сүресін, 70 рет Нас сүресін, 70 рет тәсбих дұғасын (Субханаллаһи уалхамдулилләһи) оқып, 7 күн үзбей таңертең және кешке бір кеседен ішіңіздер. Мені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін, Жәбірәйіл (а.с.) маған былай деді: «Бұл суды ішкен кісінің денесінен, тамырынан, сіңірінен, еттерінен ол кісіге қиыншылық берген ауруларын Алла Тағала кетіреді. Ол кісіге денсаулық пен амандық береді». Тағы бір хадис шәріпте былай делінген: «Мені хақ Пайғамбар қылып жіберген Алла Тағалаға ант етейін баласы болмаған ер осы судан әйеліне ішкізсе Алланың рұқсатымен әйелі жүкті болады. Жаман жағдайлар оған жоламайды. Бел ауруынан, қарын ауруынан еш арызы қалмайды. Алапес ауруынан қорықпайды, көкірек ауырына душар болмайды, жүрегіндегі қайғы-қасірет шығып кетеді. Менмендік, қызғаншақтық, тәкәппарлық, дұшпандық, ғайбат, сөз тасушылық (сияқты рухани аурулардың барлығы) дүниедегі барлық өткінші барлар үшін Алла Тағаланың рұқсатымен пайдалы болады». Тәфсир әл-Кәбир, Фахриддин Рази (р.һ.). Сәуір жаңбырының жиналатын күндері Руми күнтізбесі бойынша сәуір айының 7-сінен бастап, ай соңына дейін делінген.
Зорагүл Әбдіқадір