Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нүсіпова Жанна хабарлады, — дейді alatau-zhuldyzy.kz сайты.
Аталмыш жоба аясында қылмысты азайту шаралары қабылданды. Балаларға «үй-мектеп-үй» бағытындағы карта құрылып, қауіпті аймақтарда патрульдық қызмет, жарықтандыру жүргізілді. Сонымен қатар, семинарлар, лекциялар, ұйымдастырылып, жадынамалар, бүктемелер таратылды.
«Негізгі күш-жігер шырқы бұзылған отбасыларды анықтауға бағытталған, себебі осындай отбасылардың басым бөлігі мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалып жатады. Процесті автоматтандыру үшін қолайсыз отбасылардың қауіпін бағалау жүйесін құру шешілді. ол үшін тәуекел тобын анықтайтын критерийлер белгіленген. Осымен бірге, барлық білім беру және медициналық ұйымдарда өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға көмек және қолдау көрсететін ұйымдар мен сенім қызметтерінің байланыс телефондары бар», — деді Ж.Нүсіпова.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары сөз етіліп, Алматы облысының ювеналдық сотында 550-ден астам іс қаралғаны айтылды.
Талғар-ақпарат