Дүкен атауы бар белгілер үшін төлемдер меншік иелерінен алынды

Алматы облысында 900-ге жуық кәсіпкер өз бизнесінің сыртқы жарнамасын орналастырғаны үшін бюджетке ай сайынғы төлемді жүзеге асырады.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жергілікті атқарушы органдардың төлемдерді дұрыс алмау фактілерін анықтады.

«Жарнама туралы» Заңның 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес, маңдайшалар сыртқы жарнамаға жатпайды және төлемдергеде жатпайды.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар маңдайшалары бар бизнес субъектілерін әлеуетті төлеушілер тізіміне енгізген және фискалдық органдарға жіберген. 65 кәсіпкерге қатысты осындай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Антикор жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік кірістер органдарының салық салуға жататын объектілердің тізімдерін өзектендіру үшін дерекқорды интеграциялау және осы мәселеге бекітілген мамандардың жауапкершілігін қарастыру қажеттілігіне назар аударды.