Кеше Ақтоғай ауданындағы Қызыларай ауылдық округінен сағат 20:20 шамасында 1975, 1999 және 2000 жылдары туған 3 ер адамның «Әмірхан» қыстауынан шығып кетіп, қайтып келмегендігі туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ департаменті бөлімшелерінің қызметкелерінен және аудандық Ішкі істер бөлімінен жедел топтар жіберілген. Құтқару жұмыстарына барлығы 7 адам, 2 бірлік техника тартылған.
Абырой болғанда, қолданылған шаралардың арқасында жоғалғандар қыстаудан 8 шақырым жерден табылып, Ақтоғай ауданына жеткізілген.
«Құтқарылғандар медициналық көммекке мұқтаж болған жоқ. Қарағанды облысы ТЖД ауа-райының бұзылуына байланысты,әсіресе қараңғы уақытта жолға шықпау керектігін және елді-мекендерден тыс алыс жерлерге жаяу шықпау керектігін еске салады» — дейді жергілікті ТЖД.
Талғар-ақпарат