Алматыда аяз болады

Алматыда аяз болады

Алматы қаласында аяз болуы мүмкін, — деп ескертеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК филиалы — қаңтардың 24-29 күндері Алматыда түнде 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін ауа райының төмендейтінін болжап отыр.

Осыған байланысты, оқыс жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖД — «Қатты аязда аса қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға тырысыңыз» деп кеңес береді.

Талғар-ақпарат