ҚР Энергетика министрі: Біз бензин бағасын реттемейміз

ҚР Энергетика министрі: Біз бензин бағасын реттемейміз

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде бензин бағасы реттелмейтінін айтты, деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Біз бензин бағасын реттемейміз. Сіздер сауатты журналиссіздер. Әлемде сатылып жатқан бензиннің бағасын көрсететін қаншама сайттар бар. Сіздер (журналистерге – автор) «елімізде бензиннің бағасы өте қымбат» деп жазасыздар. Осы орайда бензин бағасын ай сайын көрсетіп, мониторинг жасайтын ақпарат көздері бар. Мен бір агенттіктің материалын көрдім. Онда бензин сататын елдердің тізімі жарияланған. Сонда 140 мемлекетпен салыстырғанда Қазақстан 13-14 орында тұр. Бензинді бізден де қымбат бағамен сатып жатқан 30 мемлекет бар. Олардың ішінде мұнай өңдейтін мемлекеттер де бар. Яғни Оман, БАӘ сияқты», — деді ол.

Осы орайда Қанат Бозымбаев әлемдегі нарықта мұнайды өңдеп сататын басқа елдердің бар екенін, бұл фактор бензин бағасына әсер ететінін жеткізді.

«Кейбір азамат біздің елдегі (бензин бағасы – автор) Еуропамен салыстыруға болмайды дейді. Себебі, онда жалақы мөлшері басқаша. Әрине, онда (бензин бағасын – автор) Түрікменстан, Иранмен салыстыруға болмайды. Сондықтан барлығымыз бір нарықта жұмыс істесек, бағалар (бензин бағасы – автор) бір деңгейде болуы мүмкін. Өйткені, бұл – халықаралық бизнес, тек Қазақстанның бизнесі емес. Біз үлкен нарықта жұмыс істеп отырмыз», — деді министр.

Талғар-ақпарат