Осы уақытта еліміздің 7 өңіріндегі автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz «Қазавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.
Астана
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) дизельдік және қоғамдық көліктерге барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды.
Ақмола облысы
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Шығыс Қазақстан облысы
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Семей-Павлодар облысының шекарасы» автожолының 577-733 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Қарағанды облысы
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Теміртау-Ақмола облысының шекарасы» автожолының 1353-1424 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.
Қостанай облысы
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Қостанай-Әулиекөл-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы» күре жолының 3-232 шақырым аралығы, «Қостанай — Сарыкөл — СҚО шекарасы» тасжолының 555-729 шақырым аралығы, «Қостанай-Ұзынкөл-СҚО шекарасы» автожолының 180-404 шақырым аралығы дизельдік және қоғамдық көліктер үшін жабық.
Павлодар облысы
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысы
21 қаңтар сағат 21.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) облыс аумағында дизельдік және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.
Талғар-ақпарат