«Antikor Live» жобасы аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасы басшысының орынбасары, 4-ші міндетті базалық бағыт (ТБН-4) жобасы жөніндегі комиссар Марина Коваленконың қатысуымен эфир өткізілді.
Тікелей эфир барысында Марина Коваленко жобалық басқарудың негіздері, оның артықшылықтары мен құқықтық негіздері туралы айтты.
Спикердің айтуынша, жобалық тәсіл мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіретін бірқатар проблемаларды (формализм, әуре-сарсаңға салу, бас тарту) жояды.
Жаңа талаптарды ескере отырып, 2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілді, оған сәйкес салалық қызмет бөлігіндегі жобалардан басқа, барлық мемлекеттік органдар үшін орындалуы міндетті алты үлгілік базалық бағыт айқындалды. Бұл құжат мемлекеттік аппаратты реформалаудағы маңызды қадам болып табылады. Жобалық басқаруды іске асыру нәтижелері бағалау жүйесі жүргізілетін жобалардың бірыңғай базасында шоғырландырылатын болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі бойынша мемлекеттік органдар мен басшылардың рейтингі қалыптастырылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» міндетті базалық бағыты бекітілген.
Тікелей эфир аяқталғаннан кейін Марина Коваленко ТБН-4-ті іске асыру бойынша өңірде атқарылған жұмыстар туралы айтып берді: «Облыс әкімдігі жанынан жобалық кеңсе құрылды, әкімдіктің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жобалық топтар құру туралы бұйрық әзірленіп, бекітілді. Қазіргі уақытта қойылған міндеттерді іске асыру бойынша жоспар әзірленуде. «Адалдық аланының» қызметі де облыс әкімдігі жанындағы ТБН-4 жобасын іске асыруға толығымен қайта бағдарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан әдістемелік сүйемелдеу қамтамасыз етіледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарды осы жұмысқа белсенді қосылуға шақырғым келеді».