Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған ол түрлі жылдары денсаулық сақтау, экономика, қаржы министрі болған.
Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Бақытжан Сағынтаев атқарған болатын.
Досаев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы болған.
1993-1994 жж. – «Іскер» МАӨҚ менеджері, «Вега» ШК директорының орынбасары.
1994-1996 жж. – «Акцепт» Фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры.
1996-1997 жж. – «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы.
1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі. 1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі.
1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.
2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі.
2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы.
2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.