52 адамның өмірін жалмаған автобус өртінің басты себептері айтылды

52 адамның өмірін жалмаған автобус өртінің басты себептері айтылды

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті 52 адам қаза тапқан автобустың өртенуіне не себеп болғаны туралы болжамдар айтты. Бұл туралы Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілі Виталий Синевтің айтынша, өрт сымдардың тұйықталуынан шыққан. Оған қоса автобус жолаушылары көп мөлшерде жанармай алып келе жатқан болуы мүмкін. Себебі өрт бірден алаулап кеткен.

Олар жолдағы бекеттерден жанармай құймас үшін оны өздерімен бірге салып алған деген болжам бар.

Сондай-ақ ресми емес мәліметтерге сүйенсек, автобус қайта жарақтандырылған. Сондықтан оның есіктері бұғатталып, өрт кезінде оның ішінде болған жолаушылар сыртқа шыға алмай қалған.

«Автобус тоқтай сала барлық жүргізушілер одан жүгіріп шыққан. Адамдар шығатын есікке қарай ұмтылған. Бірақ ол ашылмағандықтан ішінде қалып қояды», — дейді Синев.

Талғар-ақпарат