Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Астана Балет Гала» концертіне барды

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Астана Балет Гала» концертіне барды

Мемлекет басшысы Линкольн орталығында өткен «Астана Балет» театрының концертіне барды, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана Балет» театры «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясындағы «Қазақстан Астана Балет Гала» бағдарламасын ұсынды.

Бағдарламаға «Арулар», «Ақ қыз», «Әсемқоңыр» хореографиялық миниатюралары, «Щелкунчик» балетіндегі адажионың классикалық редакциясы және басқа да қойылымдар енген.

Талғар-ақпарат