Бүгін Талдықорған қаласы Тіл сарайында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Манап Қ.Т. пен Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Қ. Сапаровтың қатысуымен «Egov-жаршысы-2021» жобасының қорытынды жабылу салтанаты өткізілді.
2020 жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды қамтамасыз ету мақсатында, «Еріктілер жылы» аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен республикада алғаш рет «Egov- жаршысы» жобасы іске қосылған болатын.
Ағымдағы жылда жобаның екінші кезеңі өткізілді. Осы 2 жылда еріктілермен біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 570 еріктімен халық көп шоғырланған жерлерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сервистік әкімдіктерде 6000-ға жуық атаулы түсіндіру іс-шаралары өткізілді және 160 000 үлестірмелі парақшалар таратылды.
Бүгін «Egov-жаршысы-2021» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорыта келе, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электрондық үкімет порталын насихаттау, электронды қызметтерді алу дағдыларын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс атқарған үздік 50 ерікті Алматы облысы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Бұған қоса, жоба аясында жүргізілген еріктілердің жұмыстарын бағалауға сәйкес Усенова Аяжан Аманғалиқызы (Қарасай ауданы), Кеңесбаева Гүлназ Ізбасарқызы (Талғар ауданы), Шақабаева Мадина Талғатқызы (Кебұлақ ауданы) үздік ерікті деп танылып, 1,2,3-ші дәрежелі грамоталармен, қаржылай сыйлықтармен және арнайы статуэткалармен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті