Сәрсенбінің сәтінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» актив жиыны өтті.
Аудан әкімі Райхан Садықова төрағалық еткен актив жиынына облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қала мен ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма, комитет, мекеме басшылары, «Нұр Отан» партиясы филиалының, этно-мәдени бірлестіктерінің, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, білім, денсаулық сақтау саласының, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды. Жиын барысында алғашқы сөзді аудан әкімі Райхан Нұрмырзақызы өзі алып, тұщымды баяндама жасап, Жолдауда белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірқатар бөлім, мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Аудан басшысы өз сөзінде өткен жылғы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын саралай келіп, Жолдауда айқындалған стратегиялық маңызы бар негізгі 10 бағыт бойынша ауданымызда атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталып өтті.
Толығырақ газетіміздің № 03 санынан оқи аласыздар.