Назарбаев Трамптың салық реформасы туралы: Мен бұны 5 жыл бұрын жасағанмын

Назарбаев Трамптың салық реформасы туралы: Мен бұны 5 жыл бұрын жасағанмын

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Қазақстанда 5 жыл бұрын жасалған салық реформасы туралы айтып берді, —  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі халықаралық ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

— Президент мырза, сөзімнің қорытындысында сізді еліңіздің орасан экономикалық табысымен құттықтамауға амалым жоқ. Біз барлығын көріп отырмыз. Сіз керемет салық реформасын жүзеге асырдыңыз. Мен оныңызды қолдаймын, өйткені мен ол реформаны 5 жыл бұрын жасағанмын. Біздегі ұжымдық салық – 20 пайыз, кіріс салығы – 10 пайыз, — деді Назарбаев АҚ үйде БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеп тұрып.

 

 

Талғар-ақпарат