Туризм және спорт министрі өмірден өтті

Туризм және спорт министрі өмірден өтті

Бұрынғы туризм және спорт министрі, ұлттық олимпиада комитетінің экс-президенті Темірхан Досмұхамбетов өмірден озды.

Бұл туралы аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі мәлім етті.

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұжымы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің бақылау кеңесінің төрағасы Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — деп хабарлады ведомство Facebook-те.

Темірхан Досмұхамбетов 1996 жылдың ақпанынан 1997 жылдың сәуіріне дейін Жастар ісі, туризм және спорт министрі қызметін атқарды.

1997 жылғы 2 сәуірден 1997 жылғы 14 қарашаға дейін — Білім және мәдениет министрлігі Туризм және спорт департаментінің директоры.

1997 жылғы 14 қарашадан 1998 жылғы қыркүйекке дейін — Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетінің төрағасы.

1998 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін Президенттің Бас атқарушы директоры қызметін атқарды.

2003 жылдың маусымынан 2004 жылдың наурызына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.

2004 жылғы наурыздан 2006 жылғы наурызға дейін — Президенттің Бас атқарушы директоры.

2006-2011 жылдары Туризм және спорт министрі қызметін атқарған.

2012-2015 жылдары — Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, 2010-2015 жылдар аралығында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, атқару комитетінің мүшесі болды.

Кейін «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіптік холдингін басқарды.

Иманды болсын!