МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНАН СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚАУІПТІ ДЕРТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНАН СПИКЕРЛЕР ПУЛЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚАУІПТІ ДЕРТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Рухани жаңғыру алаңында спикерлер пулының қатысуымен Алматы облысының құрметті азаматы, «Жетісу» футбол клубының директоры Серік Мұқановтың және Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың қатысуымен мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен және журналистермен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚАУІПТІ ДЕРТ» тақырыбында ашық және сенімді әңгіме өтті, қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады.

Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

Кездесудің негізгі мақсаты жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болып табылады, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында Жандос Жұмабаев облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін тәрбиелеу Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылатынын айтты.

Осы іс-шаралардың нәтижесі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін төмендету, сондай-ақ мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Сонымен қатар, кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында бейнероликтер көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы спикерлеріміздің баяндамалары тыңдалды және жиынға қатысқан әр азаматтың ойын өзгертетін, адалдықпен әдептілікке шақыратын әңгімелер айтылды, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбек жолымен нәтижелерге қол жеткізген қайраткерлер мен ардагерлердің мемлекеттік қызметшілері мысалында адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың одан әрі жоспары әзірленді.