ПУЛ СПИКЕРЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ПУЛ СПИКЕРЛЕР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру үшін үнемі мақсатты идеологиялық жұмыс жүргізілу үстінде, осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, облыстық қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Салықова, превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жыл басынан бергі атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, кездесу барысында Жандос Жұмабаев департаменттің 9 ай бойы атқарған жұмысы жөнінде таныстырып өтті.

Жиын кезінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде 1424 Сall-орталық жұмыс істейтіндігін, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылатындығы жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу барысында жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтіндігі, әрбір қоғам дамуының күнгей жағы мен көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылатындығы түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеоролик көрсетілді.