Заң алдында барлығы тең!

Заң алдында барлығы тең!

Мемлекеттік аппаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған адамдардан «тазарту» жөніндегі жұмыс шендеріне, лауазымдық дәрежелеріне және әлеуметтік жағдайына қарамастан жүргізіледі. Заң алдында барлығы тең!

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Мақажанов өзінің Фэйсбуктегі жеке парақшасы арқылы өңір тұрғындарына хабарлама жасап, Департаменттің қызметке тағайындалған сәтінен бастап атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Алматы облысының Антикор басшысы мемлекеттік аппаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған адамдардан «тазарту» жөніндегі жұмыс шендеріне, лауазымдық дәрежелеріне және әлеуметтік жағдайына қарамастан жүргізілетінін атап өтті. Заң алдында барлығы тең!
Бұл бірлескен ымырасыз күресте азаматтардың әрқайсысы маңызды. Облыстық Антикор басшысы облыс тұрғындарын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы оның жеке аккаунттарына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 сенім телефондарына хабарлауға шақырды.
Сондай-ақ, Ернар Мақажанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру аясында ашық әңгімеге, ұсыныстарға және бірлескен іс-шараларды өткізуге өзінің дайындығы туралы атап өтті.
Облыстық департамент басшысы 2021 жылдың 9 айындағы превенция және жедел-тергеу бағыты бойынша жұмыс нәтижелерін жеткізді.
Аналитикалық жұмысы аясында 8 талдау, 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 200-ден астам сыбайлас жемқорлық себептері мен сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері анықталды;
Облыстың 200-ден астам ұйымында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» лауазымдары, сондай-ақ 1 ұйымда ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты енгізілді. Осы жылдың соңына дейін осы Стандарт облыстың тағы 4 ұйымында енгізу жоспарлануда. Ұйымдарда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерімен тікелей айналысады;
Жыл басынан бері 87 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 72,4% — дан астамы немесе 63 қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылады;
155 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 20 адам әр түрлі деңгейдегі бірінші басшылар (облыстық – 6, қалалық -4, аудандық – 9, ауылдық -1).
70 адам сотталды, оның ішінде 65 адам 119 млн. теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып сотталды;
«Жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың 8 фактісі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 27 адам әшкереленді, 29 қылмыс тіркелді, 6 қылмыстық іс сотқа жолдаумен аяқталды, 1 адам сотталды.
Бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 11 фактісі анықталды (26 қылмыс) 35 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 22 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды;
Лауазымды тұлғалардың қамқорлық фактілері бойынша көлеңкелі экономика субъектілеріне 5 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 4 сыбайлас жемқорлық қылмысы айыптау актісімен жіберілді, 2 адам сотталды.
Іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 3,8 млрд.теңгені (3 850 843 791 теңге) құрады, оның 97,2% — ы немесе 3,7 млрд. теңгесі (3 742 332 191 теңге) өтелді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті