СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ

Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы басым бағытты жазалаушы емес, реттеудің алдын алу шаралары деп айқындайды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді алдын алу шараларының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу болып табылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

Яғни, сыртқы талдау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік беретін тетіктер мен тәсілдер айқындалады. Себебі, егер сіз жемқорды түрмеге отырғызсаңыз да, сыбайлас жемқорлық әдісі/тәуекелі қалады және оның орнына осы сыбайлас жемқорлық әдісін/тәуекелді одан әрі қолдана алатын басқа қызметкер келеді.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектілерінің қызметін қозғайтын ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде:

— персоналды басқару;

— мүдделер қақтығысын реттеу;

— мемлекеттік қызмет көрсету;

— рұқсат беру функцияларын орындау;

— бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;

— басқа да мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге мамандар, сарапшылар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері (қоғам өкілдері, ҮЕҰ және т.б.) тартылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдау объектілері сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің үлгілік тәртібі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2021 жылдың 9 айында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 7 сыртқы талдау жүргізді. Барлығы 143 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Көлік саласында, атап айтсақ, көліктік бақылау инспекциясы мен жолаушылар көлігі және автожолдар

басқармасының қызметінде кешенді сыртқы талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

Егер сізде осы сала бойынша ұсыныстар болса, «1424» бірыңғай Саll-орталығына жүгіне аласыз. WhatsApp және Telegram – да «көлік саласын талдау» атты чат құрылды, оған 8 700 444 55 10 нөмірі бойынша кез келген адам кіре алады