Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы «Ұлттар кубогы» 7-ші халықаралық турнирінде 24 медаль иеленді, оның 7-еуі алтын, 7-еуі күміс және 10-ы қола медаль, — деп хабарлайды alatau-zhuldyzy.kz сайты Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Ұлттар кубогы» атты турнир Сербияның Сомбор қаласында өтті. 48 келіге дейінгі салмақ категориясында 20 жасқа дейінгі юниорлар арасында Шырайлым Бақытжан үздік деп танылып, алтын медаль алды.
Қазақстан спортшылары халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетті. Жарыста Фариза Шолтай (81), Дина Жоламан (54), Карина Ибрагимова (60), Мадина Нұршаева (64), Дариға Шакимова (75) және Ләззат Күнгейбаева (+81) алтын медальға ие болса, күміс медальды Алина Тұрлыбаева (48), Жайна Шекербекова (51), Аида Тұяқбай (54), Назым Ищанова (57) және Ақерке Бақытжан (75) жеңіп алды.