АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Әр адамның өміріндегі басты құндылықтардың бірі – ол отбасы. Сондықтан, бүгін Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқауға қатысқандардың саны көп болды. Жалпы Алматы облысы бойынша бұл байқауға 150 өтінім келіп түсті. Әр отбасының бейнероликтері жан-жақты талданды және бүгін ең көп дауыс алғандар марапатталды.
Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мүшелері арасында достық қарым-қатынасты, парасаттылықты, адалдықты қалыптастыру, саналы тұлғаны дамыту және прогрессивті идеялары бар оқушыларды анықтау. Байқау жеңімпаздары арнайы дайындалған мадақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бейнероликтердің негізгі бағыты балаларға парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған. Байқау екі кезеңде өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңі -аудандық (қалалық) деңгейде үздік жұмыстар іріктелді. Байқаудың екінші кезеңінде іріктеу облыстық деңгейде өткізілді, бейнероликтер конкурсанттар отбасының еңбек, оқу жетістіктері мен салт-дәстүрлері туралы ақпарат ұсынды.
Іс-шара соңында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы байқаудың барлық қатысушыларын шын жүректен құттықтап, отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен даму факторы болғанын және болып қала беретінін атап өтті.
Өз кезегінде, білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы мұндай байқаулар қоғам үшін өте маңызды екенін атап өтті, өйткені отбасы өскелең ұрпақ үшін барлық құндылықтар мен білімді тәрбиелеудің алғашқы көзі болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша гран-при: Іле ауданы Қасымжановтар отбасы, бірінші орынды: Панфилов ауданы Қызыролжа отбасы, екінші орынды: Ескелді ауданы — Қажиахметовтар, Жамбыл ауданы – Төребаевтар отбасы, үшінші орынды — Талғар ауданы Серікбаевтар, Қапшағай қ-сы — Бекеновтер, Текелі қ-сы — Болатхан отбасы иеленді.
Сонымен қатар, облыс бойынша 13 отбасы ыңталандыру сыйлықтарын иеленді. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және осы
байқауға қатысқан барлық Алматы облысының отбасыларына алғысымызды білдіреміз.