Алматы облысында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыпта әлеуметтік желілердегі әлеуметтік ролик, Үздік TikTok» байқауының қорытындысы шығарылды

Алматы облысында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыпта әлеуметтік желілердегі әлеуметтік ролик, Үздік TikTok» байқауының қорытындысы шығарылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және жастар санасына әлеуметтік желілер арқылы әсер ету мақсатында, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әлеуметтік  бейнероликтер байқауы 2021 жылдың 23 тамызынан 27 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Байқау шарттары бойынша 60 секундтан аспайтын креативті, қазіргі трендтерді қолдана отырып тикток видео түсіру болып табылатын. Сонымен қатар, бейнероликтер  ТикТок желісіне салынып, #жетісужастары, #сыбайласжемқорлық хештегін белгілеу керек болатын.

Жарияланған видеоларды арнайы құрылған комиссия мүшелері қарап, ең үздік үш видео таңдалды. Жүлделі орындарға ие болғандар 1 орын: Сарыөзек ауылы, №49 мектебінің оқушылары, 2 орын: Нұрпейісова Сымбат Асқатқызы, 3 орын: Орынбекова Жазира Алипбековна арнайы дипломмен және сылықтармен марапатталды.