Еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады — Қазгидромет

Еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады — Қазгидромет

Бүгін, 15 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде  қалың қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. «Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бұрқасын, тұман күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады», — делінген хабарламада. Сонымен қатар Алматы облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді — секундына 15-20 метр. «Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болады», — деп хабарлады метеорологтар.

Талғар-ақпарат