Олардың көп бөлігі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзуына, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруіне және тағы басқа себептермен байланысты болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Сабырбаев Данияр баяндады.
Мемлекеттік қызмет саласында көптеген реформалар жүргізіліп келеді. Жүргізілген саяси, экономикалық реформалар қатарында әкімшілік құқық, әкімшілік құқықбұзушылықтар мен оларды іске асырғандағы жауапкершілік туралы заңнамалардағы өзгерістер де бар.
«Мемлекеттік қызметші әдебі талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қоғам тарапынан сынға ұшырамауы, тәртіптік теріс қылықтар жасамаумен қатар әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа соқтыратын әрекеттер болдырмауы тиіс», − деді Д.Сабырбаев.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің теріс қылықтары тек тәртіптік жазамен ғана шектелмей, олардың ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзғандығы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны анықталған жағдайда, Департамент қызметшілерімен әкімшілік хаттамалар толтырылады.
Айта кетейік, замануи қазақстандық мемлекеттік қызмет моделі меритократия қағидасына, яғни кезең-кезеңімен және еңбегін әділ бағалау арқылы мансаптық өсуге негізделген.
Талғар-ақпарат