Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, превенция және парасаттылық басқармасының басшысы А.Садықов Қаратал ауданы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелерін қарауы бойынша профилактикалық кездесу өткізді.
Жұмыс кездесуінің қатысушылары Қаратал ауданының әкімі, әкім аппаратының басшы құрамы және ауылдық округтердің әкімдері болды.
Негізгі спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев сөз сөйледі.
Антикор басшысының Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ағымдағы жылдың 8 айындағы қызметі туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларын түсіндірді.
Жұмыс кездесуі барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары атап өткендей:
«Әкімдіктің жұмысы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — бұл ашық мемлекет. Сондықтан мемлекеттік аппарат бірінші кезекте барлық қызмет салалары бойынша халықтың пікірін барынша ескеруі тиіс».
Сонымен қатар, Жандос Жұмабаев алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жұмыстардың нашар ұйымдастырылғанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде формалды тәсіл туралы айтып, аудан әкімдігінің ресми сайтында толыққанды ақпараттың жоқтығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик көрсетіліп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді